​Ашық есік күні: Шымкентте дәрігерлер жүзден астам тұрғынға медициналық көмек көрсетті

0
418

Тұрғындарға кардиолог, невропатолог, нейрохирург, ЖТД, психолог және кардиоревмотолог бөлімінің дәрігерлері қызмет көрсетіп, кеңес берді.


​Ашық есік күні: Шымкентте дәрігерлер жүзден астам тұрғынға медициналық көмек көрсетті

29 қазан - Дүниежүзілік инсультпен күрес күні. Осыған орай, Шымкенттегі №2 қалалық ауруханасына қарасты емханада дәрігерлер «Ашық есік күнін» өткізіп, денсаулығы сыр беріп жүрген тұрғындарды қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оларға кардиолог, невропатолог, нейрохирург, ЖТД, психолог және кардиоревмотолог бөлімінің дәрігерлері қызмет көрсетіп, кеңес берді.

Нейрохирургке –19, кардиологқа –47, психологқа –18, невропатологқа –48, ЖТД дәрігерлеріне – 23, кардиоревматологқа – 30 тұрғын келіп қаралған. Жалпы шара барысында 106 азаматқа медициналық көмек берілді.

Ақ халаттылар кеңес берумен ғана шектелген жоқ. Тұрғындардың денсаулығын тексеріп, сырқаудың нақты анықтамаларын айтып, ақпарат берді.

Сонымен қоса, Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығына қарасты емханасында Ашық есік күні өтуде.

Халықаралық маскүнемдікке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған шарада тұрғындарға нарколог, терапевт, психолог мамандары кеңес беріп, медициналық көмек көрсетуде.

Сондай-ақ, шара аясында салаға жауапты мамандардың қатысуымен дөңгелек үстел өтуде.

«Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігерлері Шымкент қаласындағы барлықмектептерінде алдын-алу шаралары бойынша жұмыстар жүргізеді. Жұмыс маскүнемдіктіалдын алуға бағытталған. Психикалық денсаулық орталығы неврология, психиатрия және психология кафедрасы, үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп студенттер арасында маскүнемдікті алдын-алу жұмыстарын өткізеді. Бұл әлем жаулаған дертпен ұлт болып күресуіміз керек», - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, Шымкенттік дәрігерлердің сырқаттарды емдеуде тағы бір мүмкіндігі артты. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен алғаш рет қаладағы клиникалық балалар ауруханасында отоларингология бөлімшесі ашылды.

Енді құлақ мұрын ауруларын емдеуде жергілікті ақ халаттылар бұрынғыдай науқастарды Астана мен Алматы қаласына жібермей ақ өздері сауықтыра алады.

Отоларингология өлімше 20 төсек орынға лайықталған. Мұнда дәрігерлер құлақ, тамақ, мұрында кездесетін ауру түрлеріне диагностикалық тексерулер жасап, толық емдеу жұмыстарын жүргізеді.