Биыл Шымкентте 10-нан астам үйдің жеделсатылары жаңартылады

0
279

Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.​


Биыл Шымкентте 10-нан астам үйдің жеделсатылары жаңартылады

Биыл Шымкент қаласында тұрғындар есебінен қайтарылатын қаржыға 13 көпқабатты тұрғын үйдегі 23 жеделсаты жаңартылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Лифт жүйелерін модернизациялауға қажетті қаражат қаралған соң жеткізуші мердігер мекемемен келісім шарт түзілетін болады. Құжатта құрылғылардың 2 жылдық кепілдік мерзімі қарастырылады.

Істен шыққан жеделсатылардың тек бөлшектерін ғана ауыстыру тұрғындар үшін қауіпті болуы мүмкін. Сараптама комиссиясының қорытындысына сәйкес лифтілерді пайдалануға рұқсат етілмейді, құрылғыларды толығымен ауыстыру қажеттігі анықталған.