​Гипноздап тастаған: шымкенттік қариялар гастролер алаяққа алданып қалған

0
436

Алаяқ 73 және 68 жастағы жергілікті тұрғындарының ақшасын алып кеткен.


​Гипноздап тастаған: шымкенттік қариялар гастролер алаяққа алданып қалған

ERNUR.KZ. Шымкенттік қариялар гастролер алаяққа бар жиған-тергенін беріп жіберген.

Бұл туралы Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлады.


Алаяқ 73 және 68 жастағы жергілікті тұрғындарының ақшасын алып кеткен.
Екі жағдайда да белгісіз әйел үйді сатып алу үшін, көруге келген. Әңгімелесу барысында жалған сатып алушы әжелерге отбасына дуа жасалғанын және оны тез арада жоймаса, бір жамандық болатынын айтып сендірген. Тазарту рәсімін өткізу үшін ол алтын мен "қараңғы бөлмедегі қаралы күнге жинаған ақшаны" сұраған. Келтірілген жалпы шығын көлемі - 600 мың теңге.

Қала тұрғындары есін жинаған бойда дереу полицияға хабарласып, болған жайды жеткізді.
Жәбірленушілердің айтуынша қаскүнем гипнозды қолданған, өйткені олардың өздері мұндай алаяқтыққа қалай түскенін түсінбейді.
Күдіктіні Еңбекші аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері ізін суытпай ұстады. Бұған жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары көмектесті.

Ұсталған азаматша мегаполисте алаяқтық жасауға бел буған Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Ол өзінің құрбандарын тек егде жастағы, сенгіш азаматтардың арасынан таңдап алған.
Шымкент полицейлері алаяқтардың мұндай айласына түсіп қалмас үшін тұрғындарға бейтаныс адамдарға сенбеуге, бағалы заттарына абай болуға кеңес береді.