«Қазақ-түрік жастар көпірі» жобасы Шымкентте жалғасты

0
323

Былтыр Түркия елі аталған жоба аясында қазақ жастарын қабылдаған болатын.


«Қазақ-түрік жастар көпірі» жобасы Шымкентте жалғасты

Елімізде алғаш рет қолға алынған «Қазақ-түрік жастар көпірі» жобасы Түркістан облысынан бастау алып, Шымкентте жалғасты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырып отырған жоба мақсаты — жастар арасында екі елдің тарихы мен мәдениетін насихаттау.

Шымкенттіктер Түркия Республикасының делегациясы мен министрлік өкілдерін қарсы алып, тарихи-мәдени орындарға саяхат ұйымдастырды. Делегаттар «Оқушылар сарайында» қонақта болып, қолөнерші жастардың туындыларымен танысты.
Былтыр Түркия елі аталған жоба аясында қазақ жастарын қабылдаған болатын. Бүгінде түркиялық жастардың арасында қазақ тілін зерттеп, оқып жүргендер көп.