​КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ: Шымкентте бірқатар тұрғындардың мәселелері шешімін тапты

0
233

Қала әкімі азаматтардың талап-тілектері жыл соңына дейін толық жүзеге асатынын айтты.


​КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ: Шымкентте бірқатар тұрғындардың мәселелері шешімін тапты

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар елдімекенді аралап, инфрақұрылым мәселелерінің шешімін қарастыру мақсатында тұрғындармен кездесті.

Жүрмелі жиын барысында Нұртас, Тассай, Самал-3 шағынаудандарындағы Үшқара, Мыңарал, Сазтөбе, Алтынбастау көшелерінің азаматтары жолды асфальттау және жарықтандыру мәселелерін көтерді.
Сонымен қатар, Мыңарал көшесі тұрғындары қоғамдық көлік қозғалысын жақсартуға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Ал Сазтөбе көшесінің халқы балалар ойын алаңшасы мен ардагерлер аялдайтын демалыс орнын салу бойынша сұраныс білдірді.
Ғабит Әбдімәжитұлы азаматтардың талап-тілектері жыл соңына дейін толық жүзеге асатынын айтып, тиісті басшыларға тапсырма берді.