«Рамазан - рухани тәрбие айы»: Шымкентте жастармен кездесу өтті

0
412

Аталған кездесудің мақсаты – жастарға діни сауаттылық бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу және жат ағымдардан аулақ болуға шақыру.


«Рамазан - рухани тәрбие айы»: Шымкентте жастармен кездесу өтті

Шымкент қаласы Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Рамазан - рухани тәрбие айы» тақырыбында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы Шымкент қаласы Жастар ісі секторы жетекшісі Керімбеков Анарғали Пірәліұлы Орталық Азия Инновациялық университетінің жастарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған кездесудің мақсаты – жастарға діни сауаттылық бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу және жат ағымдардан аулақ болуға шақыру.

Іс-шара барысында қасиетті ай туралы түрлі ақпараттар айтылды. Қатысушылар да өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, спикерлермен кері байланыс жасады.

"Рамазан – айлардың ішіндегі сұлтаны, мұсылман қауымының сағына күтіп, қимай қоштасатын айы. Өйткені, адам баласының тәнін, жан дүниесін тәрбиелейтін ораза құлшылығы осы айда парыз етілген. Сонымен қатар, адамзатты ақиқат жолға үндейтін қасиетті Құран кітабы осы айда түсірілді. Сондықтан бұл айда жасалған әрбір жақсы амалдар елеусіз қалмай, сауабы еселене түседі, - деді Анарғали Пірәліұлы.
Кездесу соңында жастар сұрақ-жауап алмасып, естелікке суретке түсті.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөнінідегі басқарма басшысының орынбасары Әбілхаиров Серғазы Кәрімұлы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде Серғазы Кәрімұлы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуында жеткізген нәтижелер мен алдағы уақытта атқарылар жұмыстың жоспарларын талқылады. Сондай-ақ қаламыздағы шалғай орналасқан елді мекен жұмыстарын жандыру қажеттігін жеткізіп, жастарға жеңілдетілген 2,5% несие бойынша да сөз қозғады. Одан бөлек, алдағы уақытта іске-асырылатын жобалар туралы да сөз болды.

Айта кетейік, жастардың қатысуымен өткізілетін мұндай шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады.