Шомылу маусымы: қауіпсіздік шараларын сақтау міндет

0
868

Шымкентте шомылу маусымында балаларды суда жүзуге тегін үйрету жұмыстары бойынша баспасөз туры өткізілді.


Шомылу маусымы: қауіпсіздік шараларын сақтау міндет

Судағы жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің өкілдерімен бірлесіп шомылуға тыйым салынған орындарға жүйелі негізде патрульдеу жүргізеді.

Рейдке қатысушылардың назары шомылатын жасөспірімдерге аударылады.
Осы ретте қаладағы танымал Қошқар-ата өзенінің бойында профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Жедел-құтқару топтың құтқарушылары, ТЖ мамандары мен әкімшілік және полиция қызметкерлері Қошқар-ата өзенінің рұқсат етілген жерінде шомылуға келген жасөспірімдермен профилактикалық әңгімелесу өткізіп, ересектерге жас балаларды қараусыз қалдыруға жол бермеу туралы еске салынды.
Деседе, өзеннің шомылуға тыйым салынған жерлерінде суға түсуге келген жасөспірімдер, ата-аналар балаларымен, ер азаматтар да табылды. Жасөспірімдерге су қоймаларында қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелері еске салынды.
Плакаттарды қолдана отырып, балаларға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайтынын, демалу үшін тек арнайы жабдықталған орындарды таңдау керектігін ересектерге трағы да ескертілді.
Сонымен бірге Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастамасымен балаларды жүзуге тегін үйрету ұйымдастырылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар суда ұстай білудің негіздерін үйренеді.
Бүгінгі таңда аквапарк иелерімен ынтымақтастық туралы 9 меморандум жасалды. Осы іс-шара аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары тегін жүзуді үйренеді. Бұл әрекет бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға көмектесетіні сөзсіз. Қала аумағында 18 аквасаябақ пен бассейін бар, соның ішінде 9 аквасаябақта құтқарушылар 500 баланы суда жүзуге үйретеді.
Баспасөз-туры барысында «Шар-шара» демалыс орнына Еңбекші ауданынан 10-нан аса балаларға суда жүзу дағдылары үйретілді. Құтқарушы-сүңгуір Олжас Абай бірінші дағды - судан қорықпауды және дұрыс тыныс алуды үйретті.
Суда өзін қалай ұстау керектігін білмейтін балалар жүзудің негізгі дағдыларын үйренді. Сабақта балалар нұсқаушыларды мұқият тыңдай отырып, судан қорқуды жеңеді және өмірлік дағдыларды үйренеді.
Бұл іс-шараның мақсаты - жазғы уақытта төтенше жағдайлардың алдын алу. Ағымдағы жылдың шомылу кезеңінде суда жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ.
Нұржан Қаракөзев
Шымкент ТЖД Азаматтық қорғаныс
басқармасының бастығы