ШЫМКЕНТ: 1 күнде заңсыз елге келген 100 астам шетелдік ұсталды

0
902

Шымкент қаласында «Заңсыз келуші-2019» жедел алдын-алу шарасы өтіп жатыр.


ШЫМКЕНТ: 1 күнде заңсыз елге келген 100 астам шетелдік ұсталды

Иллюстрациялық фото: Ғаламтордағы дереккөзден алынды

Шымкент қаласында «Заңсыз келуші-2019» жедел алдын-алу шарасы өтуде - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бір күн ішінде аймақта рұқсат құжаты жоқ 100-ден астам шетел азаматы анықталған. Олар енді осы әрекеті үшін заң алдында жауап береді. Сондай-ақ шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан біздің елдің 13 азаматы да әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Өзге елдердің 13 азаматы сот шешімдерімен ел аумағынан шығарылды.

Шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен 10, шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 3 Қазақстан республикасының азаматы анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518 және 519 баптарының талаптарын бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершіліктері қаралды.