ШЫМКЕНТ: 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 56,2%-ға артқан

0
191

Қаладағы 272 мектепте 259 065 оқушы білім алуда.


 ШЫМКЕНТ: 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 56,2%-ға артқан
ERNUR.KZ. Шымкент қаласында 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 56,2%-ға артқан.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Білім басқармасының басшысы 2024 жылы білім беру саласында атқарылатын бір қатар шаруаларға тоқталып, алдағы жоспарларымен де бөлісті.


«Биылғы жылдың І тоқсанында ата-аналарға табельдерді растау механизмін үйрету семинарлары өткізіліп, балалардың сабаққа қатысуын табельдеу және ата-аналардың табельдерді растау механизмі іске асырылатын болады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтеріне үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруда, әдістемелік материалдарды, оқыту әдіс-тәсілдерін қолдануда, мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеуде, тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырып өткізуде, оны психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуде әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар балаларды кезектілікпен есепке алу және ҰБДҚ платформасында бірыңғай деректер базасын жүйелі жинақтау бойынша кеңес беру жобалары жүзеге асырылатын болады», - деді басқарма басшысы Н.Шамшиева.

Басшының айтуынша, қаладағы 272 мектепте 259 065 оқушы білім алуда. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 56,2%-ды құрады, бұл алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 2,2%-ға өсу серпінін көрсеткен.
Сонымен қатар, басқарма басшысы білім сапасын арттыру бағытында жоспарланған жұмыстарды да атап өтті.
Қаладағы мектептердің білім сапасына зерделеу жүргізіліп, «САПАЛЫ БІЛІМ" жобасының арнайы тұжырымдамасы әзірленді. Жоба орталықтың ғылыми-әдістемелік кеңесінде қаралып, арнайы бұйрықпен 14 жетекші мектеп командалық жұмыс бастады.
Білім сапасын арттыру бағытында төмендегідей жобалар аясында жұмыстар жүргізіледі.
- «Мобилді мұғалім» жобасы;
- «Үздік кәсіптік бағдар беру» жобасы;
- «Жетекші мектеп» жобасы;
- «Бейіндік сынып» пилоттық жобасы;
- «Сауаттылық сапалы білім негізі» жобасы.

Білім сапасына педагогтердің біліктілігі тікелей байланысты болғандықтан, олардың кәсіби өсуі де маңызды. Бүгінгі таңда қаладағы біліктілік санаты бар педагогтер үлесі 64%-ға жетті.
Біліктілікті арттыру курстарынан 2023 жылы 8 763 педагог өтсе, ағымдағы жылы 7 742 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтетіндігін жеткізді Н.Шамшиева.