ШЫМКЕНТ: Абай ауданында 10 ойын алаңшасы салынады

0
337

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданын аралау барысында атқарылған жұмыстарды көріп, жоспарлы құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.


ШЫМКЕНТ: Абай ауданында 10 ойын алаңшасы салынады

Биыл Шымкент қаласы Абай ауданында 10 ойын алаңшасы салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Абай ауданындағы 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. 2014 жылдан бері жалпы 222 аула абаттандырылып, 56 спорт алаңшасы салынды.

2021 жылы 21 көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру, 12 спорт алаңшаларын ағымдағы жөндеу, 35 спорт алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілді. «Шымкент қайырымды қала» қоры арқылы демеушілік есебінен 4 спорт алаңшасы орнатылды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов бүгін Абай ауданын аралау барысында атқарылған жұмыстарды көріп, жоспарлы құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.

Биыл аудандағы Республика 34 көпқабатты үй ауласында балалар ойын алаңшасы салынуда. Алаңша құрылысы аяқталуға жақын. Мердігер мекеме нысанды 1 ай көлемінде ел игілігіне тапсыратынын мәлімдеді.

Сонымен қоса, Ақжайық шағын ауданында да 10 балалар ойын алаңшасы салынып жатыр. Жалпы Ақжайықта қазір 4 мыңға жуық тұрғын үй бар. Үйлердің басым бөлігі жеке сектор, 35-і көпқабатты үй. Бүгінде елді мекенде 3 мектеп пен 12 балабақша бар. Шағынаудан электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен толық қамтылған. Өткен жылы 8 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілген. Биыл 10 спорт алаңшасының құрылысы жүргізілуде. Ықшам ауданда жалпы 72 көше болса, оның 48-і асфалттанып, 24 көшеге шағал тас төселген. 2022 жылы 16 көше, 2023 жылы №1,2,3,4 және 8,9 көше, Астық, Көкшетау, Зеңгі ата көшелері жөнделеді. Ал, 2024 жылы Айнала, Әулие ата, Торғын және атауы жоқ екі көшеге жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Бүгінде ауданда 8 көше жарықтандырылған. Биыл Балқарағай, Асфендияров көшесі жарықтанса, 2023 жылы Байсбаев пен Қарасай, 2024 жылы Спанов пен Уали ата көшелеріне кешкі шам орнатылады.

Айта кетейік, биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 50 көп қабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарлануда.