ШЫМКЕНТ: Асар-2 шағын ауданынан өрт шықты

0
783

1 га құрғақ шөп жанып, бидай алқабына өтіп, көлемі 2 га орылған жер жанған.


ШЫМКЕНТ: Асар-2 шағын ауданынан өрт шықты

Шымкенттегі Асар-2 шағын ауданында өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылдың 9 шілдесі күні сағат 10:47-де Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Асар - 2 шағын ауданында орын алған өрт туралы хабарлама келіп түскен. Онда 1 га құрғақ шөп жанып, бидай алқабына өтіп, көлемі 2 га орылған жер жанған.

"Өрт сағат 11:08-де оқшауланып, сағат 11:14-те толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебін мамандар анықтауда. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімдерінің 5 техникасы мен еке құрамында 25 адам жұмылдырылды." ,- делінген хабарламада.