ШЫМКЕНТ: Есірткі притоны табылған университетте тексеріс басталды

0
998

Тексеріс университет қызметінің білім беру жүйесіндегі заңнама талаптарына сәйкестігін айқындау үшін жоспардан тыс басталған.


ШЫМКЕНТ: Есірткі притоны табылған университетте тексеріс басталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласындағы базасынан есірткі притоны әшкереленген Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетте тексеру жұмыстары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Білім және ғылым министрлігі 5 тамыздан бастап университет қызметінің білім беру жүйесіндегі заңнама талаптарына сәйкестігін айқындау үшін жоспардан тыс тексеріс бастады. Тексеріс комиссиясының құрамына министрліктің Білім және ғылым саласын бақылау комитетінен және «АDAL BILIM» жоба офисінен эксперттер алынған. Негізгі зерделенетін мәселелер: мемлекеттік стандарттың сақталу деңгейі, оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуын және жүзеге асырылуын реттейтін заңнамалық талаптардың орындалу деңгейі, лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік деңгейі.

Сондай-ақ, министрлік тарапынан мүдделі жақтарды ақпараттандыру мақсатында тексерудің қорытындысы бойынша университеттегі оқу-тәрбие процесінің жай-күйіне қатысты толық ақпарат берілетін болады.

Айта кетейік, осының алдында Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында қала университеттерінің бірінің спортзалында есірткі затын тұтыну үшін притон ұйымдастырылғанын анықтағаны жөнінде хабарлаған болатынбыз.