Тергеу жүріп жатыр.
фото: иллюстрациялық
Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында қала университеттерінің бірінің спортзалында есірткі затын тұтыну үшін притон ұйымдастырылғанын анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 302-бабы 1-бөлігімен «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру» сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сай тергеу мүддесінде жариялауға жатпайтынын хабарлады Шымкент қаласының Полиция департаменті.