ШЫМКЕНТ: Кафеде атыс болып бір адам қаза тапты

0
1 326

Тағы бір адам жансақтау бөлімінде жатыр.


ШЫМКЕНТ: Кафеде атыс болып бір адам қаза тапты

иллюстрациялық фото

Шымкент қаласында кафелердің біріне жақын жерде атыс оқиғасы болды. Атыс салдарынан бір адам қайтыс боп, тағы 35 жастағы ер адамның екі аяғы мен омыртқасына оқ тиген деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкенттегі атыс оқиғасы салдарынан зардап шеккен ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Шұғыл түрде ота жасалынған. Оқ жарақатын алған жігіттің екі аяғы мен омыртқасына дәрігерлер үш сағаттан аса күрделі ота жасаған.

Ақ халаттылардың айтуынша, 1985 жылы туған жігіттің жағдайы әлі де ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. 35 жастағы жігіттің екі аяғы мен омыртқасында оқ жарақаты болған және қатты соққыдан іш құрылысы зақымданған.

"1985 жылы туған науқасқа шұғыл түрде ота жасалды. Күрделі ота болғандықтан үш бригада, яғни үш бірдей хирург науқастың өмірі үшін күресті. Ота 3 сағаттан аса уақыт жасалды. Ота жасау нәтижесінде жарақат алған дене мүшелері қалпына келтірілген. Қазір жансақтау бөліміне жатқызылған. Жағдайы бірқалыпты ауыр. Қосымша тексеруді, отаны қажет етеді. Науқастың жағдайы тұрақталған соң дәрігерлер тағы да тексеріп екінші кезеңді ота жасауды жоспарлап отыр," - деп мәлімдеді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қанды оқиға жөнінде Шымкент қаласы полиция департаменті әлі ресми ақпарат берген жоқ. Баспасөз қызметі прокуратураның келісімінен соң қосымша ресми ақпарат тарататынын мәлімдеді.