ШЫМКЕНТ: қаланың 8 орнында көмір сатылып жатыр

0
419

Шымкент қаласында көмірге қажеттілік 55,3 мың тоннаны құрауда.


ШЫМКЕНТ: қаланың 8 орнында көмір сатылып жатыр

Шымкент қаласында 8 орында көмір сатылып жатыр, қоймаларда 15,6 мың тонна көмір бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында көмірге қажеттілік 55,3 мың тоннаны құрауда. Осы кезге дейін шаһарға 134 мың тонна көмір тасымалданды.

1 тонна көмірдің бағасы 18 000 – 18 300 теңге аралығында сатылымда.

Шымкенттіктер биыл көмірді 8 жерден сатып ала алады.

1. «BEST» ЖШС г.Шымкент,жилой массив Сайрам, здание 68/1
2. ЖК «Құралбаев» - Қызылсай темір жол станциясы
3. «Азамат Мұнай» ЖШС - Қойкелді батыр көшесі, номерсіз
4. «ГранСбыт көмір» ЖШС- Қазыбек би көшесі, №205
5. ЖК «Arganat» - Клара-Цеткина көшесі, 159
6. «Интер-Транс и К» ЖШС- Момынов көшесі 18/3
7.«VIP-M» ЖШС - Қойкелді батыр көшесі, номерсіз
8. «Реал Транс-К» ЖШС- Қойкелді батыр көшесі, номерсіз