​Шымкент қаласының жүргізуші куәліктерінде өздеріне тән әріп пайда болды

0
1 326

Бұдан бұрын белгілі болғандай, Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғаннан кейін оған 17 нөмірі берілген болатын.


​Шымкент қаласының жүргізуші куәліктерінде өздеріне тән әріп пайда болды

иллюстрациялық фото: baq.kz

Шымкенттің жүргізуші куәліктерінде «Y» әрпі пайда болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығында айтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.

Құжатта көрсетілгендей, жүргізуші куәлігінің микросхемасы мынадай ақпаратты қамтиды:

1) жүргізуші куәлігі туралы:
серия және номер;
берілген күні;
жүргізуші куәлігін берген ұйымның атауы;

2) жүргізуші туралы:
тегі, аты, әкесінің аты;
туған күні мен жері;
мекенжайы;
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
типі, сериясы, нөмірі және құжаттың берілген күні, жеке куәлік;
фотография;

3) көлік құралдарын басқаруға берілген рұқсаты туралы:
рұқсат етілген санаттар;
жүргізуші куәлігінің аяқталу мерзімі;
ерекше ескертулер.

Сонымен бірге, Астана, Алматы, Шымкент және Қазақстан Республикасының аймақтарына жүргізуші куәліктерінің сериясын анықтау үшін латын тіліндегі транскрипцияда келесі әріптік белгілер беріледі: