ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданындағы тосқауыл бекеттері алынды

0
466

Онға жуық тосқауыл бекеті алынды.


ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданындағы тосқауыл бекеттері алынды

Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы тосқауыл бекеттері алынуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елдегі орын алған жағдайға байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қаратау ауданының бірқатар аумағына тосқауыл бекеттері қойылған болатын.
Мемлекет басшысының тікелей бақылауымен жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтижесінде өңірлердегі ахуал тұрақталып келеді. Оның ішінде Шымкент қаласында жағдай тұрақты және толығымен бақылауда.
Осы орайда мегаполистегі Бәйдібек би даңғылы, С.Бәйтереков, Ұ.Арғынбеков секілді орталық көшелерде қойылған онға жуық тосқауыл бекеті алынды. Алдағы уақытта да аудан аумағындағы өзге де тосқауыл бекеттерін толығымен алу жұмыстары жүргізіледі.