Шымкент: ХЖҚО 221 адамға онлайн режимде түсіндірме жұмыстарын жүргізді

0
926

98 адамнан өтініштер келіп түсті және онлайн жұмыс іздеуші ретінде 34 адам тіркелді.


Шымкент: ХЖҚО 221 адамға онлайн режимде түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Шымкентте 221 адамға онлайн режимде түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылдың 26-шы наурызынан бастап Шымкент қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы келушілермен қашықта жұмыс істеу тәсіліне көшкен.

Келушілердің арыз-шағымдарын, сауалдары мен өтініш-тілектерін қабылдау үшін арнайы WhatsApp желісі бар 87023842118 байланыс телефоны іске қосылған.

Қашықта жұмыс жүргізу енгізілгеді, яғни 26-27 наурыз күіндері онлайн арқылы 221 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 98 адамнан өтініштер келіп түсті және онлайн жұмыс іздеуші ретінде 34 адам тіркелді.