ШЫМКЕНТ: кластерлік жобаларды дамытуға басымдық берілуде

0
426

Жыл басынан бері 78 кластерлі жоба құрылған.


 ШЫМКЕНТ: кластерлік жобаларды дамытуға басымдық берілуде

Биыл мегаполисте 260 жұмыс орнын құруға бағытталған 16 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Осыған дейін сүтті қайта өңдеуге бағытталған 3 кәсіпорын, 4 мал бордақылау алаңы, 3 сүт фермасы және жылыжай кешені іске қосылды.

Биыл қаламызда кластерлік жобаларды дамытуға басымдық берілген. Жаңа жобалар ірі кәсіпорындардың қуаттылығын арттырып, қала халқын азық-түлікпен қамту мәселесін шешуге және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері қалада құлпынай, ащы бұрыш, көкөніс, мал бордақылау, бал ара және балық шаруашылығына бағытталған 78 кластерлі жоба құрылған.