ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік қызметші базар аумағына кіргізген әрбір ет өнімі үшін заңсыз ақшалай сыйақы алып отырған

0
821

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатушысынан базар аумағына кіргізген әрбір ет өнімі үшін заңсыз ақшалай сыйақы алып отырған.


ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік қызметші базар аумағына кіргізген әрбір ет өнімі үшін заңсыз ақшалай сыйақы алып отырған

Бүгінгі таңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептерді жоюға бағытталған жүйелі шараларды қабылдауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы ретте, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала әкімі аппаратының, сонымен қатар қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының ұжымымен кездесу өткізді.

Онлайн шара барысында қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының жетекші маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде ұсыну қаралды.

«Біз шенеуніктерді отырғызудан ұзақ мерзімді нәтиже болмайтынына сенімдіміз. Сондықтан біз сыбайлас жемқорлықтың себептерін, яғни олардың алғышарттарын бірлескен шаралармен жоюымыз қажет және осы мақсатта бүгінгі шараны ұйымдастырып отырмыз» - деді Департамент басшысы Асхат Жұмағали.

Аталған мемлекеттік қызметші төтенше жағдай кезінде ауыл шаруашылығы өнімдерін сатушысынан базар аумағына кіргізген әрбір ет өнімі үшін заңсыз ақшалай сыйақы алып отырған.

Одан бөлек, ол тұрғынның шынжыр табанды трактор техникасын тіркеу үшін және ауыл шаруашылық техникасын жүргізу куәлігін ауыстыруға осы басқарманың бас маманы арқылы ықпал етіп, өзінің әрекеті үшін 50 мың теңге көлемінде ақша қаражатын алған деп күдіктелуде. Тергеу барысында ол жасаған қылмыстық құқықбұзушылық әрекетін толығымен мойындаған.