ШЫМКЕНТ: “Менің сүйікті дәрігерім” акциясы биыл да жалғасады

0
426

Аталған акцияның мақсаты – халыққа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру.


ШЫМКЕНТ: “Менің сүйікті дәрігерім” акциясы биыл да жалғасады

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының жыл сайынғы “Менің сүйікті дәрігерім” акциясы биыл да дәстүрлі түрде өз жалғасын табуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған акцияның мақсаты – халыққа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру.

Акция аясында 28 қараша 2 желтоқсан күндері ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының білікті дәрігерлері Шымкент, Жетісай, Мырзакент, Атакент, Асықата кенттерінде аялдап, 18-жастан асқан пациенттерге тегін кеңес береді.
Мамандар тобында:
- Кардиохирург Ерлан Денеев;
- Аритмолог Ринат Камиев;
- Ангиохирург Талғат Сәрсембаев, Кардиолог Назира Алибаева;
Аталмыш акция 28 қараша күні қаладағы Жүрек орталығында өтеді. Қабылдау уақыты 09:00-18:00 (түскі үзіліс 13:00 - 14:00).
Кеңес алуға келген науқастың қолында жеке басын куәландыратын құжаты мен бұрынғы сараптамаларының нәтижесі болуы керек. Дәрігердің дәл диагноз қойып, шешім қабылдауы үшін науқас әкелуі тиіс:
- кардиохирургқа: ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы, коронарография/ КТ дискісі және барлық үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар;
- аритмологқа: ЭКГ, Холтер ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы.
- ангиохирургке: қантамырлары УДДГ, КТ немесе аортография дискісі және барлық үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар.
- кардиологқа: жүрек УДДГ, ЭХОКГ хаттамасы, барлық үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар.
Қабылдауға жазылу үшін + 7 701 203 03 88 немесе +7 7252 37-10-22 нөміріне хабарласа аласыздар. Немесе қабылдау өтетін күні Жүрек орталығына барып, тіркеуден өтуге болады.