ШЫМКЕНТ: Наурыз мерекесіне орай сауда үйлерінде 50 пайыз жеңілдік болады

0
738

Бүгінде халыққа жеңілдіктер бойынша дайындалған арнайы кітапшалар таратылуда.


ШЫМКЕНТ: Наурыз мерекесіне орай сауда үйлерінде 50 пайыз жеңілдік болады

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күніне орай, 21-22 наурыз аралығында қаладағы барлық ірі сауда орталықтары мен супермаркеттер желісінде жеңілдіктер қарастырылып отыр.

Яғни, 25 сауда нысанында акциялар өткізіліп, қала тұрғындары мен қонақтарына арналған 50 пайызға дейінгі жеңілдіктер беріледі.
Атап айтқанда, «Shymkent Plaza», «Diamond Plaza», «Mega Planet», «Hyper House», «Shymkent City Mall», «Наурыз Парк», «Тұран»,, «Гранд Парк Шымкент», «Береке», «Rahima Plaza», «Dur Plaza», ОӘД (ЦУМ), «Sulpak», «Мечта», «Эврика», «Магнум» және «GrаMad» сауда орталықтары мерекелік іс-шаралар ұйымдастырады.
Бүгінде халыққа жеңілдіктер бойынша дайындалған арнайы кітапшалар таратылуда.