​ШЫМКЕНТ: перинаталдық орталықта неонаталды хирургия ашылды

0
289

Неонаталды хирургия ашылғалы бері орталық дәрігерлері жеті сәбиге ота жасап, ажалдан арашалап қалды.


​ШЫМКЕНТ: перинаталдық орталықта неонаталды хирургия ашылды

ERNUR.KZ. Шымкент қалалық Перинаталдық орталықта неонаталды хирургия ашылды.

Енді емдеу орталығының дәрігерлері тумасынан ауыр дертке шалдыққан науқастарға перзентхана ішінде шұғыл хирургиялық көмек көрсете алады.


Неонаталды хирургия ашылғалы бері орталық дәрігерлері жеті сәбиге ота жасап, ажалдан арашалап қалды.

Перинаталдық орталық ішінде сәбилерге күрделі операция жасау үшін қажетті заманауи техникалар мен құрал-жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ неонаталдық хирург, анестезиолог-реаниматолог, неонатолог-реаниматолог мамандарымен толықты.

Айта кетейік, Перинаталдық орталық жүкті әйелдер мен нәрестелерге жоғары деңгейдегі арнайы медициналық көмек көрсететін қаладағы жетекші медициналық ұйым болып есептеледі.