ШЫМКЕНТ: Скутер мен велосипед соқтығысып, 17 жастағы жасөспірім қайтыс болды

0
1 008

Оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші Өзбекстан Республикасының азаматы болып шыққан.


ШЫМКЕНТ: Скутер мен велосипед соқтығысып, 17 жастағы жасөспірім қайтыс болды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласындағы «Чапаевкада» скутер мен велосипед соқтығысып, оқиға салдарынан 17 жастағы жасөспірім бала қаза болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған оқиға 3 қыркүйек күні орын алған. Сондай-ақ, скутерде 2005 жылы және 2002 жылы туған жасөспірімдер болғаны, оның 14 жастағысы қорғаныс қалпағын (шлем) киіп алғаны, ал 17 жастағы жасөспірімнің жалаңбас отырғаны анықталған. Сонымен қатар, оқиға салдарынан жарақаттанған жасөспірімдерді жедел жәрдем қызметі Шымкенттегі Түркістан облыстық балалар ауруханасына жеткізген. Өкінішке орай, 17 жастағы жасөспірімнің өмірін сақтап қалу мүмкін болмай, ашық бас ми жарақатын алған бала ауруханада көз жұмған.

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше жол көлік оқиғасынан зардап шеккен 14 жастағы баланың денсаулығы қазір бірқалыпты. Қажетті емдік шараларды қабылдаған соң үйіне қайтарылған.

Сондай-ақ, балалар мінген скутермен соқтығысқан велосипед жүргізушісі оқиға орнынан қашып, ізін суытқан және Полицейлер оны қаланың басқа аумағынан ұстаған. Оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші 35 жас шамасындағы Өзбекстан Республикасының азаматы екені анықталған.