Шымкент тұрғындары медициналық бетперде тағып карантин режимін сақтауға міндетті

0
1 079

Елімізде 11 мамырда төтенше жағдай аяқталды, дегенмен 25 мамырға дейін карантин шаралары жалғасатыны бұған дейін хабарланған.


Шымкент тұрғындары медициналық бетперде тағып карантин режимін сақтауға міндетті

Шымкент қаласы бас санитарының қаулысына сәйкес, барлық мемлекеттік органның, ведомство, мекеме, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары үнемі бетперде тағуға міндетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елімізде төтенше жағдай режімі алынғанымен, шектеу шаралары жалғасып жатқаны белгілі.

Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы жағдай тұрғындардың алаңдаушылық тудырып отыр. Соңғы тәулікте Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 60 адам тіркелді (17.05.2020 жылғы сағат 23:59-дегі мәлімет бойынша). Бүгінде қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 404 адам анықталды.

Осы орайда, халықтың қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Тұрғындар және заңды тұлғалар, меншік нысанына қарамастан шектеу шараларын, соның ішінде карантиндік режимді орындауы тиіс. Елімізде 11 мамырда төтенше жағдай аяқталды, дегенмен 25 мамырға дейін карантин шаралары жалғасатыны бұған дейін хабарланған болатын.

Шымкент қаласы бас санитарының қаулысына сәйкес, барлық мемлекеттік органның, ведомство, мекеме, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары үнемі бетперде тағуға міндетті.