Шымкентте вирус жұқтырғандар саны 404-ке жетті.
Бүгін Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 60 адам тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 60 адамнан COVID-19 диагнозы нақтыланды: олардың 1-і Атырау облысынан келген, 58-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған және 1-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 404 адам анықталды.