​Шымкент тұрғындары толықтай табиғи газбен қамтылады

0
2 477

Шалғайдағы шағын аудандар толық табиғи газбен қамтылады.


​Шымкент тұрғындары толықтай табиғи газбен қамтылады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов АГРС-3 автоматтандырылған газ станциясының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шаһар басшысы нысанның стратегиялық маңызды жоба екенін баса айтып, оны тездетіп пайдалануға тапсыру қажет екенін жеткізді.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов жоба жүзеге асқанда, шалғайдағы шағын аудандар толық табиғи газбен қамтылатынын атап өтті.

Шымкент қаласының табиғи газ көздерінің қуаттылығы АГРС-1, АГРС-4 «Шымкент» 180 000 м3/сағ құрайды. Ал бүгінгі таңдағы қаланың қажеттілігі — 250 000 м3/сағ құрап отыр. Осы қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында АГРС-3 нысанын салуға шешім қабылданған болатын. Нәтижесінде 92,2% табиғи газбен қамтылған қала тұрғындарының саны 100%-ға жететін болады.

Қазіргі таңда, АГРС-3 нысанның техникалық құрал-жабдықтары 100% орнатылған. Құрылыс-монтаж жұмыстарының 90%-ы жүзеге асқан. Осы жылдың екінші тоқсанына дейін аталған нысанның құрылыс жұмыстары толығымен орындалып, іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қоса, АГРС-3 нысаны іске қосылған соң, қаладағы әлеуметтік, кәсіпкерлік және өндірістік нысандары сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.