ШЫМКЕНТ: Ынтымақ көшесін асфальттау жұмыстары жалғасып жатыр

0
303

Мердігер мекеме "ӘлемТрансЖол" ЖШС.


ШЫМКЕНТ: Ынтымақ көшесін асфальттау жұмыстары жалғасып жатыр

Шымкент қаласы Ынтымақ көшесін асфальттау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жыл басында тұрғындармен кездесуінде Бадам-1 тұрғын алабының тұрғындары да Ынтымақ көшесін асфальттауды сұранған болатын. Қазіргі таңда Ынтымақ көшесін асфальттау жұмыстары аяқталу сатысында. Мердігер мекеме "ӘлемТрансЖол" ЖШС-і ұзындығы 1 шақырымды құрайтын Ынтымақ көшесіне орташа жөндеу жүргізіліп, енділігі 5 метр, қалыңдығы 10 см асфальт қабаты төселді.

Сонымен қоса, Адырбеков көшесінде де жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазір мұнда құрылыс қарқын алған. Ұзындығы 3,74 шақырымды құрайтын жол Алдияров көшесінен Т.Рұскұлов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Жоба бойынша ені 23 метр 4 жолақты жолдың екі жағында ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ, жаяу жүргіншілер және жарық шамдар орнату көзделген. Қазіргі сәтте жұмыстың 45 пайызы орындалған. Нысан құрылысының аяқталуы 2023 жылға өтпелі. Адырбеков көшесі 2018-2020 жылдары Рысқұлов көшесінен Жандосов көшесіне дейін бір шақырымға жуық аумағы жөндеуден өткен болатын. жолға қайта құру жұмыстары жүргізілген. Бүгінде Жібек жолы көшесінен Тәуке хан даңғылына дейінгі аралығында қайта құру жұмыстары атқарылуда. Ал, Жібек жолы көшесінен Ілияев көшесіне дейін асфальт төсемінің екінші қабаты төселіп, Ілияев көшесінен Тәуке хан даңғылына дейін инженерлік жүйелер орын ауыстырылуда және жолдың қазаншұңқыры дайындалуда. Сонымен қатар, көшені күрделі жөндеуден өткізу үшін 23 жер телімі мемлекет иелігіне қайтаруды қажет етеді. Бүгінге дейін оның 1-і қайтарылып отыр. Қалған жерлер бойынша жұмыс процесі жүруде.

Айта кетейік, Шымкент қаласында асфальтталған жолдардың жалпы ұзындығы – 2 029,2 шақырым. Қалада 2021 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша бірқатар нысандарда жұмыстар аяқталды. Жыл басынан бері шұңқырларды жамау (3500 шаршы метр), тегістеу қабатын салу (1000 шаршы метр) жұмыстары орындалды. Сонымен қоса, Ғани Іляев көшесіндегі орташа жөндеу құрылыс жұмыстарының барысында кең жаяу жүргіншілер, веложолдар пайда болып, ирригациялық жүйелер де ретке келтірілмек. Құрылысы былтыр қыркүйекте бастауын алған нысан ағымдағы жылы тамызда пайдалануға берілмек. Жолдың құрылысына бюджеттен – 512 млн. теңге бөлінген.