ШЫМКЕНТ: Жастардың діни танымдығын арттыру мақсатында кездесу өтті

0
719

Кездесуге Мирас колледжінің студенттері қатысты.


ШЫМКЕНТ: Жастардың діни танымдығын арттыру мақсатында кездесу өтті

Шымкент қаласы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімі мен Абай ауданы жастар орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында ұлтаралық татулық, жастардың діни танымдығы арттыру мақсатында кездесу өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шараның мақсаты - студенттерге экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу және жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Айнабек Ерболат, Мирас колледжінің студенттері қатысты.