​Шымкентте 500-ден астам жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды

0
370

Жаяу жүргіншілердің тарапынан орын алған 4072 заң бұзушылықты анықталған.


​Шымкентте 500-ден астам жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды

ERNUR.KZ. Мегаполис жолдарында жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оны болдырмау, жаяу жүргіншілердің жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 15-17 қаңтар аралығында «Жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.


Шара барысында тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің тарапынан орын алған 4072 заң бұзушылықты анықтады.

Оның ішінде, рульде ұялы телефон пайдаланған 276 тұлға, қауіпсіздік белдігін тақпаған 391 адам, маневр жасау қағидасын бұзған 112 азамат пен жол жүру қағидаларын бұзған 519 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұған қоса, 97 автокөлік айыптұраққа қамалды.

Осы орайда, қала полицейлері азаматтарға жол жүру ережесін қатаң сақтауды және жол қозғалысына қатысушы өзге де тұлғаларға құрметпен қарауды ескертті.