Шымкентте 5000-ға жуық азаматқа мемлекеттік грант берілді

0
2 385

4776 адам тұрақты жұмысқа орналасты.


Шымкентте 5000-ға жуық азаматқа мемлекеттік грант берілді

Шымкентте 5000-ға жуық азаматқа мемлекеттік грант берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте пандемияға қарамастан тұрғындардың жұмыспен қамтылуы қарқынды жүзеге асып жатыр.
2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы негізінде өткен жылы 1196 адам техникалық және кәсіптік оқудан өтсе, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша 2000-ға жуық азамат білім алған. Оның ішінде 1394 адам жұмыспен қамтылды.
Екінші бағыт - жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 7722 адам қамтылған. Оның ішінде 74 адам шағын несие алса, 5000-ға жуық азаматқа 100,200 айлық есептік көрсеткіші көлемінде жаңа бизнес жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік грант берілген. Ал, «Бастау бизнес» жобасы бойынша 2820 адам білім алды.
Өткен жылды қорытындыласақ 4776 адам жұмыспен қамту орталығы тарапынан жұмысқа орналасқан. Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 9000-ға жуық адам уақытша жұмыспен қамтылды.
Біраз азаматтар «Жастар практикасы» бойынша қоғамдық жұмыс орындарына тартылды.