Шымкентте 70 жастағы әйелді зорламақ болған күдікті ұсталды

0
1 748

Қылмыстық әрекеттері дәлелденсе 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.


Шымкентте 70 жастағы  әйелді зорламақ болған күдікті ұсталды

Шымкент полицейлері қаладағы көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде әйелді зорламақшы болған күдіктіні ұстады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

- Полиция қызметкерлері күдіктінің аты-жөнін анықтау мен ұстау үшін бірқатар шара жасады. Соның нәтижесінде кеше күдікті ұсталды. Ол 1985 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Одан бөлек, тергеу амалдарын жүргізу барысында күдіктінің жәбірленушінің қалтасынан 8000 теңгеге жуық ақша ұрлағаны анықталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады, - деді Нұрділдә Ораз министрлікте өткен онлайн брифингте.

Қазіргі уақытта күдікті Шымкент қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамалды.

- Аталған жайттар бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабының екінші бөлігінде және 120-бабының бірінші бөлігінде көзсетілген. Тонау және зорлауға оқталу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық әрекеттері дәлелденсе, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Тергеу амалдары жалғасуда, - дейді Н. Ораз.

Ал 1950 жылғы зардап шеккен әйел ауруханаға жатудан бас тартқан. Бұл туралы Шымкент Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

- Оқиға орнына келген жедел жәрдем мамандары науқасты №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген. Ауруханада науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетілді. Азаматша ауруханаға жатудан бас тартты. Оны аймақтық дәрігерлер өз бақылауына алды. Қазір зардап шеккен әйелдің жағдайы қанағаттандырарлық, - деп мәлімдеді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.