​Шымкентте анасын балағаттаған ер адам жауапқа тартылды

0
461

Қарт кісі полицияға өзі хабарласқан.


​Шымкентте анасын балағаттаған ер адам жауапқа тартылды

көрнекілік фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Шымкентте анасын балағаттаған ер адам жауапқа тартылды.


Ұлының араққа сылқия тойып, үйдің берекесін алғанына шыдамаған қарт кісі полицияға өзі хабарласқан.

Үшінші мегаполистегі Тұран ауданының учаскелік инспекторлары ішімдік сатқанды да, ішкенді де жауапсыз қалдырмады.
Тәртіп сақшылары заң бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» бойынша хаттама толтырды. Оның мінез-құлқына ерекше талап қойылды.

Сондай-ақ, түнгі сағат 21:00-ден кейін ішімдік сатқан дүкен иесі де жауапқа тартылды.
Ер азамат ІІО-ның есебіне қойылды. Алдағы уақытта наркологиялық диспансерде ем қабылдайтын болады.