​Шымкентте ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорты артты

0
369

Былтырғы табыс 110,7 миллион болса, биыл 11,4 миллион АҚШ долларына артты.


​Шымкентте ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорты артты

Соңғы 8 айда Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы саласы бойынша экспортталған өнім көлемі 122,1 млн АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Былтырғы табыс 110,7 миллион болса, биыл 11,4 миллион АҚШ долларына артты.

Қайта өңделген өнім эспорты - 108,5 млн АҚШ долларын немесе жалпы экспорттың 88,9% құрайды.

Өнімнің 40% Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне, 60% өзге шет мемлекеттерге экспортталған.

Ұн -111,4 мың теңге, өсімдік майы - 33,2 мың теңге, кебек- 39,0 мың теңге, макарон – 2,3 мың теңге, қауын, қарбыз- 1,7 мың теңге, пияз - 422,9 теңге, қырыққабат - 170,0 теңге, қызанақ - 96,0 теңге, шұжық - 37,0 теңге, ет-260 теңге, жүн - 753 тоннаны құрады.

Айта кетейік, Шымкент барлық сала бойынша оң өсімді сақтап, елімізде көш бастап тұрған өңірлер қатарында.

- Өнеркәсіп өнім көлемі 666,4 миллиард теңге жетіп, нақты көлем индексі 106,7 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 108,1 пайыз болып отыр.

- Инвестиция көлемі 327,9 миллиард теңге болып, 20 пайызға артты.

Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 80,3 миллиард теңге, жеке көздерден 247,6 млрд.теңге.

- Құрылыс жұмыстарының көлемі 131,4 миллиард теңге немесе 139,7 пайызды құрады.

- Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 507,1 мың шаршы метр немесе 127 пайыз болды.

- Жалпы сауда көлемі 140,1 миллиард теңге болып, нақты көлем индексі 12,9 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 417,9 миллиард теңге, нақты көлем индексі 111,5 пайыз, көтерме сауда 944,3 миллиард теңге, 113,4 пайыз.

- Жалпы көлік көлемі 224,3 миллиард теңге болып, 107,9 пайызды құрады.

Жолаушылар айналымының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 0,8 пайызға, жүк айналымы 3,2 пайызға артты.

- Байланыс қызметі 5 724,9 миллион теңгені немесе 4,6 пайызға артты.

Шымкент қаласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2021 жылдың 8 айында 201,1 млрд теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 135,9 пайызға артқан.