Шымкентте барлық жиындар онлайн форматта өтетін болды

0
496

Эпидахуалдың күрделенуіне байланысты мәжілістер мен іс-шараларды азайтып, жиналыстарды қашықтықтан өткізу шешімі қабылданды.


Шымкентте барлық жиындар онлайн форматта өтетін болды

Шымкент қаласында барлық жиындар онлайн форматта өтетін болып ұйғарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін қала әкімдігі аппаратына шаһар басшысы осындай тапсырма берді.

Шымкент қаласында эпидахуалдың күрделенуіне байланысты мәжілістер мен іс-шараларды азайтып, жиналыстарды қашықтықтан өткізу шешімі қабылданды.
Еліміздегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауымен қатар, қаламызда өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың 221 жағдайы тіркелді. Шымкент бүгінгі таңда «қызыл аймақта». Сондықтан санитарлық талаптарды сақтап, вакцина алу аса маңызды.