Шымкентте электронды төлем жүйесін қолданушылар саны артты

0
632

Бүгінге дейін қалада жалпы саны 305929 карта сатылды.


Шымкентте электронды төлем жүйесін қолданушылар саны артты
Шымкентте электронды төлем жүйесін қолданушылар саны артуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласында жолаушылар көліктерінде «ТӨЛЕМ» электронды билеттендіру жүйесі 2020 жылы 15 қазаннан бастап іске қосылған болатын. Бүгінге дейін қалада жалпы саны 305929 карта сатылды. Оның ішінде 20571 студент карталары және 65358 мектеп оқушылары карталары. Ал 220000-ы стандарт карта түрінде сатылған.
Қазіргі уақытта оқушыға арналған 70000, студенттік 70000, 100000 стандарт карталары сатылымға шығарылған.