Шымкентте І Республикалық қысқаметражды фильмдер фестивалі өтті

0
1 597

Ережеге сәйкес ұзақтығы 20 минуттық туындыларға тақырыптық және жанрлық шектеулер қойылған жоқ.


Шымкентте І Республикалық қысқаметражды фильмдер фестивалі өтті

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығында І Республикалық қысқаметражды фильмдер фестивалі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, «Shymkent Film Festival» жас режиссерлерді және аймақтық киноөндірісті қолдауға бағытталған. Конкурсқа соңғы екі жылда түсірілген қысқаметрлі фильмдер қабылданады. Сонымен қатар, ережеге сәйкес ұзақтығы 20 минуттық туындыларға тақырыптық және жанрлық шектеулер қойылған жоқ.

«Shymkent Film Festival» ұйымдастырушысы Республикалық және халықаралық кинофестивальдердің жеңімпазы, Режиссер Рақымжан Қалдыкөз. Оның айтуынша конкурсқа 15-ке жуық режиссерден өтінім түскен. Республикамыздың әр аймағынан ұсынылған фильмдерді белгілі режиссер Дәрежан Өмірбаев бастаған қазылар алқасы «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік оператор», «Үздік актриса», «Үздік актер», «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» номинациялары бойынша анықтайды.

Айта кетейік, қазылар алқасының құрамында режиссер Дарежан Өмірбаев, кинорежиссер Ержан Жұмабеков, кинорежиссер Шерхан Тансықбаев, театр және кино актрисасы Жәудір Сарыпбекова сынды білікті кадрлар бар.Аталған конкурс жеңімпаздары 2019 жылдың 21 қарашасында анықталып, марапатталады.