Шымкентте қолайсыз ауа райының кесірінен 21 жеңіл автокөлік зақымданды

0
756

Шымкенттегі 4 ауданда электр қуаты сөндірілген.


Шымкентте қолайсыз ауа райының кесірінен 21 жеңіл автокөлік зақымданды

Шымкент қаласында 2020 жылдың 8 сәуірі күні кешкі уақыттан бастап, 91 арнайы техника мен екі мыңнан астам адам қардың салдарымен күресуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Көлік қауіпсіздігін сақтау үшін тазарту жұмыстары түні бойы жалғасқан.

Шымкент қалалық ТЖД -не бүгін 9:30-да қарқынды жауған қардың салдарынан түнгі уақытта 30-дан аса ағаш құлау оқиғасы тіркелгендігі жөнінде хабар келіп түскен. 21 жеңіл автокөлікке зақым шеккен, тұрғындарға ешқандай зақым келмеген.

Сондай-ақ, қаладағы 4 ауданда электр қуаты сөндірілген. Жергілікті атқарушы органдарының авариялық қызметтері төтенше жағдай кезінде орын алған мәселелерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.