Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстары қараша айының соңында аяқталады

0
985

Осыған дейін күрделі жөндеу жұмыстарының 90 пайызы орындалған.


Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстары қараша айының соңында аяқталады

Бүгінде Ғ. Иляев көшесіндегі № 113/5 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі жауаптылармен бірге нысанға арнайы барып, құрылыс барысын қадағалады.

Күрделі жөндеу жұмыстары қыркүйек айында тұрғындар келісімімен қайтарымды қаржы негізінде басталған болатын. Қазіргі таңда үйдің қасбетін толығымен жаңарту жұмыстары жалғасуда. Осыған дейін күрделі жөндеу жұмыстарының 90 пайызы орындалған. Өндірістік кестеге сәйкес қараша айының соңында жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.
Қала әкімі тұрғын үй, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармаларының басшыларына үйдің сырт келбетін жөндеу барысындағы кемшіліктерді ретке келтіру бойынша тапсырмалар берді. Сондай-ақ балалар, спорт алаңшаларын салуға жер телімдерін қарастырып, ирригациялық жүйелерді орнатуды жүктеді.