Шымкентте көшелердің тазалығы бақылауға алынды

0
941

Әл-Фараби ауданы аумағындағы басты 102 көшеге 906 қоқыс жәшіктері орнатылған.


Шымкентте көшелердің тазалығы бақылауға алынды

Шымкентте көшелердің тазалығы тұрақты бақылауға алынған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әл-Фараби ауданы аумағындағы басты 102 көшеге 906 қоқыс жәшіктері орнатылған. Осы орталық көшелердегі 213 аялдама мен 425 қоқыс жәшіктерін күніне 2 рет жинауға «Build stroi» мердігер мекемесі тарапынан 10 техника мен 180 коммуналдық қызметші жұмылдырылған.
Аудан орталығындағы халық көп шоғырланған 87 аялдама мен 172 қоқыс жәшіктерін күніне 3 рет тазарту үшін мердігер мекеменің қосымша мобильдік 4 техника мен 30 қызметшісі жұмыс істейді.
Осы бағыттағы тазалық жұмыстар күнделікті кесте бойынша жүзеге асып отыр. Атқарылған жұмыстың сапасын аудан әкімдігі тарапынан тұрақты бақылауға алынған.

Қала тазалығын тұрақты бақылауда ұстау жөніндегі қала басшысы М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы аумағында тазалық жұмыстары күнделікті бекітілген кестеге сәйкес орындалуда. Ауданның санитарлық тазалық жұмыстарымен айналысатын «Жасыл жер» ЖШС тарапынан жолдарды, аялдамаларды, арықтарды тазалау жұмыстары тұрақты атқарылып келеді. Бүгінде ауданда орталық көшелер мен ішкі орамдық жолдарға механикалық тазалау жүргізіліп, аялдамаларды жуу жұмыстары жүйелі өткізілді. Кезекті тазалық жұмыстары Еңбекші ауданында жүзеге асырылды. Аудан аумағына қарасты басты көшелердің аялдамаларына механикалық жуу мен қолмен тазарту жұмысы атқарылды. Аялдамалардың шыны қорғандары сүртілді. Бұл жұмыстарға 12 арнайы көлік, жаяу жүргіншілер жолын жууға 2 трактор, аялдаманы жууға 3 арнайы көлік жұмылдырылған. Жалпы, санитарлық тазалық жұмыстары кезінде аяқжолдар да сыпырылып, қоқыс жәшіктері тазаланды. Жалпы, ауданда аталған жұмыс түрі күнделікті атқарылып, қала тазалығы басты назарға алынған.