Шымкентте туберкулездің ашық түріне шалдыққан мұғалім мектепте сабақ берген

0
357

Мектепте науқаспен байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынды.


Шымкентте туберкулездің ашық түріне шалдыққан мұғалім мектепте сабақ берген

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласындағы №33 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімінен туберкулез ауруының ашық түрі анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, аталған мектепте қорытынды дезинфекциялау жұмыстары жүргізілген.

12 сәуірде мектеп директорының бастауымен белгісіз себептермен бастауыш сыныптары онлайн форматта оқуға ауыстырылған. 13 сәуірде оқушылар қалыпты жағдайда оқуларын жалғастырды. Мектепте науқаспен байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынды”, - деліген жазбада.

Қазіргі таңда науқас ауруханада оқшауланып, ем алуда. Жағдайы тұрақты, - дейді мамандар.

Айта кетейік, Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның басқармаларымен аурудың алдын алу және індетке қарсы іс шаралары жалғасуда.