Шымкентте "Тұлпар мініп, ту алған!" байқауы бастау алды

0
1 392

Жүлделі орындарға қомақты қаржылай сыйлықтар берілмек.


Шымкентте

Шымкентте «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы аясында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы ұйымдастырылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жөнінде Шымкент қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді.

Байқау Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында қойылған міндеттерді іске асыру бағытында жүзеге аспақ.

Байқаудың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық,қайсарлық қасиеттерге баулу.

«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауына қатысуға Шымкент қаласы бойынша 116 мектептен 1094 оқушы, 610 мұғалім тіркелген. Байқауға Шымкент қаласының 6-10 сынып оқушылары қатыса алады. Сайыс 2 кезеңнен тұрады: 1-ші кезең аудандық, 2-ші кезең қалалық кезең. Аудандық іріктеу кезеңдері 28-31 қазан күндері, қалалық кезең 6 қараша күні өтеді деп жоспарлануда.

Оқушыларға арналған жүлде қоры:

Аудандық кезеңде 1-ші орын үшін 150 000 теңге, 2-ші орын 100 000 теңге, 3-ші орын 50 000 теңге.
Қалалық кезеңде 1-ші орын үшін-1 000 000 теңге, 2-ші орын 600 000 теңгег, 3-ші орын 300 000 теңге.

Жеңімпаз оқушылардың мұғалімдеріне арналған жүлде қоры:

Қалалық кезеңде 1-ші орын алған оқушының ұстазы кемі 2 000 000 теңге, 2-ші орын кемі 1 200 000 теңге, 3-ші орын кемі 600 000 теңге.