Шымкентте үлкен теннистен жастар арасында турнир өтті

0
316

Турнирдің мақсаты - жастарды спортқа баулу және бұқаралық спортты дамыту.


Шымкентте үлкен теннистен жастар арасында турнир өтті

Шымкент қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Абай ауданында үлкен теннистен жастар арасында турнир өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Турнирдің мақсаты - жастарды спортқа баулу және бұқаралық спортты дамыту.

Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Б.Парманов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Аудан әкімдігі ұйымдастыруымен өткен спорттық додаға 42 аудан тұрғыны қатысты.

Жеңімпаздарға кубоктар, үздік ойын көрсеткендерге алғыс хаттар үлестіріліп, сый-сияпаттар табыс етілді.