Шымкентте «Үздік жастар - 2021» байқауына құжат қабылдау басталды

0
380

10 және 30 қараша күндері аралығында өтетін болады.


Шымкентте «Үздік жастар - 2021» байқауына құжат қабылдау басталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте 10 және 30 қараша күндері аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына орай 30 номинация бойынша «Үздік жастар - 2021» премиясы байқауы өтетін болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жастар премиясы - ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметі үшін мемлекеттік қолдау, дарынды жастарды дамыту, жыл көлемінде жеткен жетістіктері мен белсене көзге түскен жастарды қолдау мақсатында жыл сайын өтеді.

«Үздік жастар - 2021» премиясына Шымкент қаласының 14 пен 29 жасқа дейінгі азаматтар 5 бағыт бойынша қатыса алады.