Шымкентте заңсыз құмар ойынын ұйымдастырған азамат анықталды

0
3 106

Оған 200 АЕК мөлшерде айыппұл салынды.


Шымкентте заңсыз  құмар ойынын ұйымдастырған азамат анықталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандарды анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының тұрғыны №4 шағын ауданында жалға аталған пәтерде заңсыз «покер» құмар ойынын ұйымдастырған.

Күдікті заңсыз ойын ойнауға арналған ойын үстелі, фишкалар, колода карталарын және диллер тастарын алып, өзінің таныстарына «покер» құмар ойынын ойнатқан. Ол ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз іске асырған.

Шымкент қаласының Абай аудандық сотының үкімімен қала тұрғыны ҚР ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 200 АЕК мөлшерде айыппұл салу жазасы тағайындалған. Тәркіленіп алынған 3 покер ойынына арналған полотно, 1 бейне тіркегіш, 1400 астам казино фишкалары, 5 колода ойын карталары – мемлекет кірісіне айналдырылды. Ал 2 дана диллер тасы, 3 дана суреттер салынған мөртаңбалар және әр түрлі сандар жазылған қағаздар жойылған.