Шымкентте жасөспірімдерге медиация әдісі түсіндірілді

0
1 193

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқысымен өткен семинардың басты мақсаты - жастар медиациясын дамыту және жасөспірімдер арасындағы кикілжіңдерді шешудің баламалы жолдарын енгізу.


Шымкентте жасөспірімдерге медиация әдісі түсіндірілді

Бүгін Шымкентте Политехникалық колледжінде «Достық» клубының 40-тан астам мүшелерінің қатысуымен "Жастар және медиация" тақырыбында семинары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқысымен өткен семинардың басты мақсаты - жастар медиациясын дамыту және жасөспірімдер арасындағы кикілжіңдерді шешудің баламалы жолдарын енгізу.

Аталған іс-шараға "Жаңғыру жолы" республикалық жастар қозғалысының Шымкент қалалық штабының белсенділері де қатысты.

Жиында қалалық ҚХА жанындағы «Медиация» кабинетінің меңгерушісі, кәсіби медиатор Дана Кенжеқұлова бітімгершілікке негізделген халқымыздың дәстүрлі билер тағылымымен сабақтасып жатқан бүгінгі медиация желісінің мүмкіндіктерін кеңінен түсіндірді. Дауласушы тараптарды татуластырудағы өзінің тәжірибесімен бөлісті.

"Бүгінде жасөспірімдер арасында әлімжеттілік, өзара келіспеушілік секілді келеңсіздіктер жиі орын алып жатады. Кикілжіңдерді жастардың өздері-ақ ушықтырмай, тараптарды татуластыра алады. Ол үшін жастар дауларды медиация тәртібімен шешудің жолдарын білуі тиіс. Осы мақсатта біз арнайы семинарды бстадық. Сондай-ақ, «Мектеп медиациясы» жобасын жүзеге асырудамыз. Тың бастама жастар тәрбиесіндегі өзекті мәселелердің шешілуіне оң әсер ететініне сенеміз", - дейді Дана Кенжеқұлова.

Шымкент қалалық «Қоғмадық келісім» КММ бөлім басшысы Мади Бесбаевтың айтуынша «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы белсенділерінің бастамасымен қолға алынған шара алдағы уақытта барлық колледждерде жалғаспақ.