​Шымкентте «ЖАСТАР» бағдарламасы бойынша 5 мыңнан астам өтінім түсті

0
1 083

881 өтінімді өтінім беруші қайта қайтарып алған.


​Шымкентте «ЖАСТАР» бағдарламасы бойынша 5 мыңнан астам өтінім түсті

Шымкент қаласында 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарлама бойынша өткізілген конкурсқа 5 387 өтінім түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Оның ішінде 881 өтінімді өтінім беруші қайта қайтарып алған.

Барлық өтінім жұмыс күндері қарауға алынады. Еске салсақ, «Жастар» бағдарламасы балдық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Аталған конкурстың нәтижесі түскен өтінімдердің қаралу уақытына қарай ауқымдылығына байланысты анықталады.
Айта кетейік, «Жастар» бағдарламасына өтінім қабылдау 2023 жылдың 8 қараша күні сағат 9:00-ден 10 қараша күні сағат 19:00-ге дейін жүргізілді.