Шымкенттік дәрігерлер гемодиализге тәуелді науқастарға тіліксіз ота жасады

0
222

Хирургиялық көмек көрсетілген 6 пациенттің жағдайы жақсы.


Шымкенттік дәрігерлер гемодиализге тәуелді науқастарға тіліксіз ота жасады

ERNUR.KZ. Шымкентте қалалық № 2 ауруханада гемодиализ қабылдайтын 6 науқасқа бірегей операция жасалды.

Артериовенозды фистуланың эндоваскулярлы реканализациясы деп аталатын ота қалада алғаш рет жасалды. Эндоваскулярлы әдісті жергілікті дәрігерлер Ресейден келген әріптестерімен тәжірибе алмасу барысында меңгерді.


Хирургиялық көмек көрсетілген 6 пациенттің жағдайы жақсы. Енді олардың денсаулығына төнетін қауіп жоқ. Себебі науқастарға жасалған ота бүйрегі жұмыс атқармай, гемодиализ құрылғысына тәуелді болған науқастардың ем алуын жеңілдетеді.

Бүгінде қалада бүйрек ауыстыруды қажет ететін 600-ден астам науқас бар. Олардың өмірі «жасанды бүйрек» аппаратына тәуелді. Мұндай оталар алдағы уақытта денсаулық көрсеткішісіне сәйкес, тіркеуде тұрған науқастарға істеледі. Өйткені тіліксіз жасалатын ота созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқастарда оң нәтиже беріп отыр.