Шымкенттік оқушылар робототехникадан өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды

0
311

арынды балалар қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.


Шымкенттік оқушылар робототехникадан өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Астана қаласында робототехникадан өткен «Central Asia FIRST Championship» жеңімпаздарымен кездесті.


23 – 25 ақпан аралығында өткен чемпионатқа қаламыздан 3 топ қатысқан, «Dreamzzz» командасы «Жоғары кәсіби біліктілігі үшін», «RoboFiksiki» командасы «Үздік командалық дизайн» номинацияларын иеленді. Орталық Азия чемпионатының жеңімпаздары «Shymside» командасы АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.


“Әлемнің 10 елінен үш мыңнан астам оқушы қатысып, Гонконг, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия командаларының арасында жеңіске жетіп, Орталық Азия чемпионы атанғандарыңыз үшін алғыс білдіремін! Сіздердің топ жарып, халықаралық конкурсқа жолдама алғандарыңыздың өзі үлкен жеңіс. АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін білім сайысында Қазақстан ұлттық құрамасымен бірге еліміздің және қаламыздың намысын қорғап, тағы да жеңіске жетіп, көк туымыз биікте желбірейтініне сенім білдіремін”, – деді қала әкімі.

Еркін форматта өткен кездесуде дарынды балалар қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.