Шымкенттік өрт сөндірушілер баланы құтқарды (видео)

0
459

Бала бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесін ашып, төменге қарап тұрған.


Шымкенттік өрт сөндірушілер баланы құтқарды (видео)

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Шымкенттік өрт сөндірушілер баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған оқиға Көкшетау қаласында болған

“Сырттай оқыту факультетінің 5-курс курсанттары Көкшетау қаласындағы М. Ғабдуллина атындағы Азаматтық қорғау академиясына 2021-2022 оқу жылына арналған оқу кестесіне сәйкес қорытынды мемлекеттік аттестаттауға қатысу үшін еліміздің түрлі өңірінен келген болатын”, - делінген баспасөз хабарламасында.


4 сәуір күні шамамен сағат 18:00-де көп қабатты тұрғын үйдің жанынан өтіп бара жатқан шымкенттік өрт сөндірушілер үйдің жанында адамдардың жиналып қалғандығын байқаған. Жақындағанда бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесін ашып, төменге қарап, ескертулерге еш назар аудармай тұрған баланы көреді. Сол кезде баланың өміріне қауіп төніп тұрғанын көрген олар тез арада жоғары қабатқа көтерілген. Біреуі барынша баланың назарын аударып тұрған.

Олар бесінші қабатқа көтерілгенде үйдің есігі құлыпталып тұрғанын байқап, көрші пәтердің иесіне жағдайды түсіндіріп, көрші пәтердің балконы арқылы бала тұрған терезеге өтеді.

Осылайша өрт сөндірушілер дер кезінде өздеріне төніп тұрған қауіпке қарамастан, бірлесе әрекет етіп баланың өмірін құтқарып қалды.